Қазақстан • 01 Сәуір, 2018

Астанада қаруды сақтау, алып жүру, сатып алу ережесін бұзудың 45 фактісі анықталды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-30 наурыз аралығында Астана қаласының аумағында «Қару 2018» жедел профилактикалық шарасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада қаруды сақтау, алып жүру, сатып алу ережесін бұзудың 45 фактісі анықталды

Шара барысында халық арасында заңсыз сақталған қару-жарақты, оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру жөніндегі түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.

«Түсіндірме жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде тіркелген қарудың 47 бірлігі ерікті түрде тапсырылды.

Азаматтық қарудың 852 иесі тексерілді. Тексеріс нәтижесі бойынша қаруды сақтау және қайта тіркеу мерзімін бұзған 34 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қорытындыларға сәйкес, қаруды сақтау, алып жүру, сатып алу ережесін бұзудың 45 оқиғасы анықталып, тіркелген қару бірліктері иелерінен алынды.